2025 жылы кіріс пен мүлік туралы декларацияны кімдер ұсынуға міндетті

Фото: freepik
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 8 қыркүйекте 2025 жылы жалпыға бірдей декларациялауды енгізу шеңберінде кірістер мен мүлік туралы декларацияны кімдердің ұсынуы міндетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Декларация ұсынуға міндетті тұлғалар:

  1. Мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары;
  2. Банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары;
  3. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жарғылық капиталдағы үлесінің (Акционерлік қоғамдар акцияларының) 10%-дан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары;
  4. Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);
  5. Дара кәсіпкерліктен түсетін кірістерді қоспағанда, дербес салық салуға жататын кірістер (мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен жасалатын операциялардан түсетін кірістер; төлем көзінен салық ұсталмаған өзге де кірістер) алған адамдар;
  6. Шетелдік банктердегі шоттарында 1000 айлық есептік көрсеткіштен асатын қаражаты бар тұлғалар;
  7. Шетелде активтері бар тұлғалар (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын);
  8. Меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;
  9. 2024 жылы 20 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын сомада (2025 жылы – 78 640 000 теңге) мүлік сатып алған тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде.
"Декларация тапсыру мерзімі: 2024 жылғы есепті кезең бойынша декларация 2025 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей, тұлғаның тұрғылықты жері бойынша ұсынылуы тиіс",- деп еске салды ведомство.

Ведомство жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияны келесідей тапсыра алатынын атап өтті:

- электрондық форматта:

- қағаз жүзінде.

Бұған дейін ҚМА жүктілік, босану бойынша жәрдемақылар мен атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындау фактілерін анықтағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады