Қандай жағдайда азаматтарға несие беруден бас тартылуы мүмкін

Фото: pexels
2025 жылғы 9 қыркүйекте қазақстандықтарға борыштық жүктеме коэффициенті жайлы еске салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Борыш жүктемесінің коэффициенті (БЖК) – Қазақстандағы банктер мен микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалап, қарызды мақұлдау немесе қарыз беруден бас тарту туралы шешім қабылдайтын негізгі көрсеткіштердің бірі.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, кредиторлар үшін БЖК – адамның борыш міндеттемелерін қаншалықты атқара алатынын айқындау тәсілі. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, қарыз алушының қарыздарын уақытында төлей алмау қаупі соғұрлым жоғары болады. Тиісінше, банктің немесе МҚҰ-ның жаңа қарызды мақұлдау ықтималдығы соғұрлым төмен болады.

Коэффициент қалай есептеледі?

БЖК-ні есептеу үшін кредиттер бойынша ай сайынғы төлемдердің жалпы сомасын қарыз алушының орташа айлық кірісіне бөлу керек.

Есепке мынадай барлық міндетті төлемдер кіреді: ипотека, автокредит, тұтынушылық қарыздар, микрокредиттер, тіпті олардың пайдаланылуы немесе пайдаланылмауына байланыссыз кредит карталары бойынша лимиттер. Бұл ретте соңғы 6 айдағы кіріс есепке алынып, ресми және құжат жүзінде расталған ақша түсімдерін (жалақы, зейнетақы, ДК кірістері және т.б.) қамтиды.

Заңнамада БЖК-нің қандай мәні белгіленген?

Банктер мен МҚҰ-да кредиттер ресімдейтін азаматтар үшін БЖК-нің шекті мәні 0,5-ті құрайды, яғни ай сайынғы төлем қарыз алушының ай сайынғы кірісінің жартысынан аспауға тиіс.

Жоғары кредиттік жүктеме несімен қауіпті?

Тым жоғары БЖК жаңа кредиттер беруден бас тартуларға, жоғары пайыздық мөлшерлемелерге, мерзімді кешіктіруге және кредиттік тарихтың нашарлауына, сондай-ақ тығырыққа тірелу қаупіне әкеп соқтыруы мүмкін.

"БЖК-нің қалай есептелетінін біле отырып, қарыз алуға өтіні беруге алдын ала дайындалуға және қаржы ұйымының шешіміне болжам жасауға болады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін 2025 жылы кіріс пен мүлік туралы декларацияны кімдер ұсынуға міндетті екенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты