24 қарашадан бастап тұтынушылық несие алушыларға арналған жаңа ереже күшіне енеді

Сурет: freepik
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасы екінші деңгейдегі банктерге, бейрезидент-банктер филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына өзгеріс пен толықтырулар енгізетін қаулыны бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылы 17 қарашада агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Құжатта проблемалық несие тарихына ие адамдарға қатысты несие беру шарттарын қатаңдату жайы қарастырылған.

Соңғы 12 айда 90 күннен аса кешіктірілген қарызы бар қарыз алушылар үшін борыш жүктемесі коэффициентін (БЖК) 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендету көзделеді, бұл осы қарыз алушылардың артық міндеттемелер алу мүмкіндігін шектеуге және қайта дефолт ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, төмендегідей талаптардың бірі болған кезде кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беруге шектеу енгізіледі:

Бұл өзгерістер 2025 жылғы 24 қарашадан бастап күшіне енеді.

Айта кетсек, елімізде 3 млн азамат несие алудан ерікті түрде бас тартқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі