Жамбыл облысында кәсіпкер онлайн дәріске байланысты продюсермен соттасты

Сурет: pexels
Жамбыл облысында кәсіпкер сотқа жүгініп, интернетөнімді іске қосу және оны ілгерілету үшін онлайн-продюсерге төлеген ақшасын кері қайтарып алды. Жазбаша шарттың жоқтығына қарамастан, сот талапкерді жақтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облыстық МАЭС баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпкер интернетте оқыту жобасын сүйемелдеу және ілгерілету үшін продюстерге 1 млн теңге төлеген. Продюсердің міндеттеріне мақсатты аудитория мен бәсекелестерді зерттеу, сату стратегиясын құру, жарнаманы ұйымдастыру, клиенттермен кері байланысты қамтамасыз ету, жобаның басталуын сүйемелдеу және оны жүзеге асыру процесін бақылау енген.

Қол қойылған шарттың жоқтығына қарамастан, тараптар арасындағы келісім іс жүзінде болды, өйткені оның шарттары келісіліп, төлем жасалды. Талап қоюшы жауапкер жобаны іске қосудың негізгі кезеңдерін, соның ішінде мақсатты аудиторияны талдауды, бәсекелестерді зерттеуді және сату жүйесін ұйымдастыруды орындамағанын атап өтті. Сонымен қатар, жауапкер Алматы қаласына көшіп кетіп, байланысқа шығуды тоқтатқан.

Сот продюсердің жобаны толық сүйемелдеуді және іске асыруды бақылауды қамтамасыз етпей, өзіне алған міндеттемелерін тиісінше орындамады деген қорытындыға келді, бұл талап қоюшыны күтілген нәтижеден айырды.

Сот шешімімен жауапкерден 850 мың теңге, мемлекеттік баж және өкілдің қызметтеріне ақы төлеу шығыстары өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Бұған дейін Ақтөбеде кәсіпорын қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру бойынша ең ауқымды қылмыстық істердің біріне қатысты тергеу шаралары аяқталғанын, 102 томнан тұратын бұл қылмыстық іс сотқа жолданып, сот үкімі заңды күшіне енгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы маңында есірткі зертханасы жойылды: күдікті өмір бойына түрмеге тоғытылуы мүмкін

Алматыда мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережесі өзгерді

Қазақстанда 2025 жылы рақымшылық бойынша қанша адам бостандыққа шықты

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 2 маусымда қай өңірлерде ескерту жасалды

7 маусым - Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні: мереке тарихы және ел үшін маңызы