Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 485,34 теңгені құрап, 3,47 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы 6,51 теңгеге дейін түсті (-0,16).
Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 71,71 теңгені құрады (-0,53).
Айырбастау пункттерінде доллар 484,7–48 теңге аралығында саудалануда, еуро – 563–568,2 теңге, рубль – 6,35–6,50 теңге аралығына саудаға түсуде.
4 маусымда әлемдік мұнай бағасы да төмендеді.
Атап айтқанда, ICE Futures электрондық биржасында тамыз айына арналған Brent мұнайының фьючерстері 1,28%-ға арзандап, барреліне 96,56 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында шілде айына арналған WTI мұнайы 1,16%-ға төмендеп, барреліне 94,91 долларды құрады. Соған қарамастан, апта басынан бері Brent мұнайы 4,54%-ға, WTI 8,24%-ға қымбаттаған.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 489,31 теңге, еуроны 568,33 теңге, рубльді 6,63 теңге деңгейінде белгілеген.