Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 489,33 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,44 теңгеге жоғары.
Ресей рублі бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ, себебі Ресейде бұл күн мереке болып саналады.
Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 72,37 теңге болды (+0,38).
Айырбастау пункттерінде доллар 489,2–491,4 теңге аралығында саудалануда, еуро – 563,2–569,1 теңге, рубль – 6,54–6,66 теңге аралығына саудаға түсуде.
Сонымен қатар, әлемдік мұнай бағасы 12 маусымдағы саудада төмендеді.
Мәселен, тамыз айына арналған Brent маркалы мұнай фьючерсі 3,1%-ға арзандап, баррелі 87,60 доллар болды.
WTI маркалы мұнай шілде жеткізілімі бойынша 2,9%-ға төмендеп, шамамен 85,19 доллар деңгейінде саудалануда.
Апта қорытындысы бойынша Brent және WTI бағалары шамамен 6%-ға төмендеген.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 487,76 теңге, еуроны 562,39 теңге, рубльді 6,75 теңге деңгейінде белгілеген болатын.