Диетолог жазда қай тағам тез толдыратынын айтты

Сурет: pixabay
Жидектерді, жемістерді және көкөністерді шамадан тыс тұтыну салмақтың артуына әкелуі мүмкін. Бұл туралы диетолог Елена Соломатина ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соның ішінде қарбыз жасырын түрде толдыруы мүмкін, деп жазады «Вечерняя Москва».

Қарбыз – төмен калориялы тағам. Бірақ мәселе мынада: біз оны жегенде екі тілім жемейміз, үлкен тілімнен асап, жарты қарбызды қалай жегенімізді байқамай қаламыз.Диетолог Елена Соломатина

Ағзаға түскен глюкоза майға айналады да, бүйірлеріне жиналады. Шие қандағы глюкоза деңгейін жоғарылатады. Толдырмайды деп сүйене бермеу керек жазғы жемістер тізімінде жүзім де бар.

Шикі кезінде пайдалы, бірақ піскен күйінде пайдасыз саналатын тағамдардың қатарына винегрет салатының барлық ингредиентін жатқызуға болады.

Бұл салатқа арналған өнімдердің қайнатылғандағы крахмалды құрамы майдың пайда болуына ықпал етеді. Ал көкөніс тағамдарына өсімдік майын көп құйсақ, семіру қаупі бар.Елена Соломатина

Әртүрлі алкогольсіз сусындар мен десерттерден салмақ қосуға болады: сыра, шырын, смузи, балмұздақ және шербет.

Жаңалықтарды дәрігердің рецептімен теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіңіз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі