Дәрігер асқазандағы қыжылды ас содасымен басу денсаулыққа зиян екенін айтты

Сурет: pixabay
Дәрігер асқазандағы қыжылды ас содасымен басу сынды халық емі денсаулыққа зиян екенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігер-гастроэнтеролог Сергей Вялов Газета.RU-ға берген сұқбатында ас содасы асқазан жарасына және бүйрекке тас жиналуына әкеліп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Асқазаннан өңешке қышқылдың үнемі көтерілуі оның шырышты қабығын зақымдап, қабындырады. Аз уақыт ішінде бұл жара, қан кету, тыртықтардың орын алуына әкеліп соғады, ал ары кеткенде өңештің қатерлі ісігін тудыруы мүмкін. Бұл ауруды емдеудің өз жолы бар. Бірақ ас содасы қауқарсыз, оның әсері өте қысқа уақытқа арналған: тіпті сағат емес, минуттар ғана. Дәрігер-гастроэнтеролог Сергей Вялов

Сондай-ақ, сарапшы ас содасын үнемі тұтыну денеде газдың пайда болуын жоғарылататынын атап өтті. Бұл өнім асқазанды іштен құрта бастайды, өйткені сода тұз қышқылы бөлінісін күшейтеді.

Ас содасы асқазанның тесілуіне себеп болған жағдайлар да бар.

Егер асқазаныңыз қыжылдағанда үнемі ас содасын тұтынсаңыз, онда қан сілтіленеді. Бұл жансақтау бөліміне түсетіндей жағдай емес, бірақ зәр сілтіленіп, бүйректе фосфат тастары пайда болады, мұндайда оларды еріту мүмкін емес, оны тек ота арқылы алып тастауға тура келеді. Дәрігер-гастроэнтеролог Сергей Вялов

Жаңалық сипаттағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы ем-дом рецептісімен теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын қандай да бір маманнан кеңес алу керектігін еске саламыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі