Сот Арыстағы жарылыс үшін сотталғандардың үкімін жеңілдетті

Zakon.kz
Ресми мәлімет бойынша, қаладағы 7 527 үй мен көпқабатты 103 тұрғын үй зақымданған. Пайдалануға жарамсыз болып қалған 420 үй мен 3 көпқабатты тұрғын үй құлатылған.

Қазақстандағы апелляциялық әскери соты Арыстағы оқ дәрілердің жарылуына байланысты сотталғандардың үкімін жеңілдетті.

Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлады.

Биыл 26 шілдеде Шымкент қаласындағы әскери бөлімде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылысқа қатысты айыпталған 16 адамға үкім оқылған. Сот 16 адамның 12-іне 4-10 жыл аралығында түрме жазасын берді, 4-і шартты түрде сотталды. Шартты жаза мерзімі 4 пен 7 жыл аралығы.

Апелляциялық сот шешімімен Қанат Ақтанов, Ерлан Омаров, Асат Бралин, Ас-Салладин Саржанов, Бауыржан Ниязов, Марат Сарсенов және Көпжан Нұрмахамбетов қылмыстың ескіру мерзіміне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылған. Бастапқыда оларға қызметіне салғырттық танытты деген айып тағылған.

Сонымен бірге Қуаныш Оспанов, Руслан Омаров, Юрий Каракальчев, Мейрамбек Жүсіпов пен Адамат Аяпбергенов қамаудан босатылған.

2019 жылдың 24 маусымында Арыстағы әскери оқ-дәрі қоймасы жарылып, соның салдарынан төрт адам қазаға ұшырады. Олардың екеуі – әскери, біреуі – бейбіт тұрғын, ал бір бала эвакуациялау кезінде жол апатынан мерт болды. Оқиға салдарынан алпыс мыңнан астам адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болды. Ресми мәлімет бойынша, қаладағы 7 527 үй мен көпқабатты 103 тұрғын үй зақымданған. Пайдалануға жарамсыз болып қалған 420 үй мен 3 көпқабатты тұрғын үй құлатылған.

Қазақстан
Шымкент
Тараз
Асанов Жақып

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді