Қазақстанда 24 Қазақстан тұрады

Сурет: Zakon.kz
Есімі еліміздегі ірі қалалардың атауымен аталатын да адамдар бар

2021 жылдың қараша айына дейінгі дерек бойынша, елімізде 24 адамға Қазақстан деген есім қойылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ranking сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, Қазақстан есімі қойылған 6 адам бүгінде Ақмола облысында тұрып жатса, Қарағандыда 4, Қостанайда 3, Шымкентте 2, Батыс Қазақстан облысында 1 және Маңғыстау облысында 1 Қазақстан атты адам тұрады.

Есімі еліміздегі ірі қалалардың атауымен аталатын да адамдар бар. Мәселен, Семей деген есімді 28 адам иеленіп жүрсе, Алматы деген 21, Түркістан деген 18 адам бар екен.

Бұдан бөлек, еліміз бойынша 15 адамға Атырау,  14 адамға Тараз, 12 адамға Қостанай, 11 адамға Ақтау, 10 адамға Нұр-Сұлтан, 3 адамға Шымкент деген аттар қойылыпты. Ерекше есемдердің қатарында Ақтөбе мен Талдықорған да бар.

Қазақстан
Ақтөбе
Атырау
Тараз
Түркістан
Талдықорған
Қызықты
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті