Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағында дрон ұшыруға тыйым салынды

Сурет: primeminister.kz
Видеоға рұқсатсыз түсіруге тыйым салынды

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның айналасында дрон аппараты арқылы фото, видеоға рұқсатсыз түсіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің  2020 жылғы 31 желтоқсандағы еліміздегі әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы № 706 бұйрығына сәйкес "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағында дрон аппаратын рұқсатсыз ұшыруға тыйым салынды. "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Бұл шешім халық көп шоғырланатын аймақтың қауіпсіздігі және тарихи ескерткіштерді қорғау мақсатында маңызы зор.

Пилотсыз ұшу аппаратын күзетілетін объектілердің үстінен ұшыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Мемлекеттік күзет қызметімен кемінде 5 жұмыс күні бұрын мақұлдануы тиіс.

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорғау аймағы 88,7 гектарды құрайды. Аталған аумаққа Қожа Ахмет Ясауи, Рәбия Сұлтан Бегім кесенелері мен сегіз қырлы сағана, жерасты қылуеті, жұма мешіті, Күлтөбе қалашығы және хан ордасы мен хан мешіті сынды тарихи объектілер кіреді.

Түркістан
Мусин Бағдат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды