ШҚО-да сотталушы ер адам мерейтойға арнап домбыра мен астау жасады

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
ШҚО-да сотталушы ер адам бір күнде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап домбыра мен астау жасады, деп хабарлайды Zakon.kz
Қолынан өнер тамған сотталушы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына домбыра мен ұлттық ыдыс-аяқ жасап, оны жергілікті мұражайға сыйға жолдады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Сотталушы жасаған бұйымдарына "Тәуелсіздікке 30 жыл" деп ойып жазған.

Домбыра – қазақтың ұлттық аспабы, астау – ұлттық ыдыс. Сондықтан Тәуелсіздік күніне орай ұлттық ағаш бұйымдарын жасауды жөн көрдім. Мен мұндай заттарды бала кезімнен жасап үйренгенмін. Бұл бұйымдар бір күнде жасалды. Ұлттық аспаптар мен ыдыс-аяқтар біздің дәстүріміз, сондықтан қазіргі ұрпақ оны сақтауы тиіс деп санаймын. Сотталушы

ШҚО колонияларындағы бас бостандығынан айыру орындарында жұмыс істейтін сотталғандардың 70 пайызға жуығы жұмыспен қамтылған. Бұл оларға талап-арыздары бойынша қарыздарын өтеуге және өздерінің қажеттіліктеріне жұмсауға септігін тигізеді.

Тәуелсіздікке 30 жыл
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы