Қазыбек Иса: Құлдық санадан құтылмаған ел

Сурет: Zakon.kz/ Павел Михеев
Владимир Путин өткізген баспасөз конференциясы кезінде Қазақстанды «орыс тілінде сөйлейтін ел» деп атады. Бұған қатысты мәжіліс депутаты Қазыбек Иса пікір білдірді, деп хабарлады Zakon.kz

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Ресей басшысының жұрт алдында айтқан сөзінің жаны бар деп өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды.

«Қазақстан – орыс тілінде сөйлейтін ел» деген сөз – «Қазақстан – әлі құлдық санадан құтылмаған ел» деген сөз! Ресей Президенті Путиннің шындығы бар бұл сөзін біздің биліктегі мемлекеттік тілін білмей-ақ, Ресей тілінде сөйлейтіндер «бізді мақтап жатыр» деп мәз болып, жуып жатқан болар… Иә, құл ғана қожайын тілінде сөйлеуге құмар болады…Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса

Осыған байланысты депутат қазақша сөйлеуді міндеттейтін мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау керектігін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз