Қазақстанда қанша көше аты өзгерді

Сурет: Zakon.kz
Елдігіміздің 30 жылында 90-ға жуық қала, үш мыңға тарта елді мекен, 24 000 көше, 150 теміржол стансаның атауы өзгерді, деп хабарлайды Zakon.kz

"Еуразия" бірінші арнасының "Айна" бағдарламасының тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының өзінде 58 көшенің аты ауысқанын айтты. Одан өзге 7000-нан астамы өткен дәуір, құлаған үкіметтен белгі болып әлі тұр.

Көше атауын жаңалауда тарихи тұлғалардың бекітілген мемлекеттік тізімі бар. Қалалық, аудандық, облыстық омномастикалық комиссия көбінде соған жүгінеді.

Алдағы жылдары тағы 6460 ономастикалық атау өзгермек.

Қалың қазақ отырған жерде ескі аттан әлдеқашан арылған, ал солтүстік аймақтарда әлі жұмыс көп. Мәселен, Қостанай өңіріндегі Рудный қаласында басты даңғыл Ленин атында, кеңестік тұлғалардың есімін санамағанда, шаһарда «Октябрь көтерілісіне 50 жыл, 40 жыл» деген ірі көшелер сол күйі тұр.

2022-2025 жылдарға бекітілген ономастикалық жұмыстың жол картасы бар. Соған сәйкес 750 елді мекеннің аты жаңаланады. Ең бастысы, ауылдық жерлерге кісі есімі берілмейді, керісінше жердің көне атауы қалпына келтіріледі. Бұл ретте ономаст ғалымдар архив құжаттары мен көне карталарға жүгінеді.

Тәртіп бойынша жергілікті ономастикалық комиссия халықтан түскен ұсыныстарды қарастырып, көпшілік талқылауына шығарады. Көңілден шыққан жағдайда оны республикалық комиссияға жолдайды. Мұның барлығына жаңа талап бойынша алты ай уақыт бөлінеді.

Нұр-Сұлтан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды