Алматыда "Алтын Орда" базарының аумағында салынып жатқан жол айырығы ашылды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Алтын Орда" базары аумағындағы жаңа магистралды эстакада көліктер жүрісі үшін ашылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz
2021 жылғы 25 желтоқсанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен "Алтын Орда"базары ауданындағы Алматы – Райымбек учаскесіндегі жаңа бас магистральдық эстакада бойынша қозғалыстың ашылу рәсімі өтті. ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Автожол учаскесінде басты магистральдық эстакада, "таға" үлгісіндегі эстакада, Ақсай өзені арқылы өтетін көпір және жерүсті жаяу жүргіншілер көпірі салынды.

Сонымен қатар, транзиттік, қоғамдық және жергілікті көлік үшін 4 шақырым бойына инженерлік коммуникацияларды қайта жүргізе отырып, 10 жолақты жол салынды.

Оған 200-ден астам жұмысшы, 50 техника, оның ішінде күрделі қосалқы құрылымдар мен жабдықтар тартылды.

Жолдың ашылуы осы учаскедегі көлік қозғалысын жеңілдетіп, халық үшін ыңғайлылықты арттырады. Ең бастысы, "Алтын Орда", "Барлық" сынды ірі базарлар мен "Молл Апорт" сауда ойын-сауық орталығының осы маңда орналасуын ескерсек, бұл азаматтардың бизнесін жүргізу үшін инфрақұрылым проблемаларын шешуге оң әсер етеді. ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Талдықорған
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді