Who What Wear порталы үздік стилистермен бірігіп, 2022 жылдың ең сәнді түстерін атады. Келер жылы негізінен алты түске басымдық беріледі. Алты түсті тағамға сай келетін түстермен байланыстырсақ.
Сұлы
Ашық қоңырқай түстен кофеге дейінгі түстер келер жылы сәнде болмақ. Пальто, шалбар кисеңіз, бұл түстер ажарыңызға көрік береді. Әрине, қосымша ашық қоңырқай түспен өзге де ашық түстерді үйлестіріп киюге болады.
Мандарин
Өткен күзде цитрустың шырынды реңктері өте танымал болды. 2022 жылы көйлектерден бастап аяқ киімге дейін трендте қалады. Мандарин түстес ашық түсті көйлекті жаңа жылға арналған мерекелік шараға кие аласыз. Тіпті кроссовка кисеңіз де жараса кетеді.
Зәйтүн
Бұл түс қалай аталса да биыл сәнде. Хаки, зәйтүн, жасыл келесі жылы ең сәнді түстердің бірі болмақ. Pantone институтының мәліметі бойынша,"Зәйтүн бұтағы" – бұл жасыл түстің нәзік көлеңкесі. Зәйтүн бұтағы – өте ашық емес, сұр реңктері бар ерекше түс. Сондықтан зәйтүнді қара түспен араластырып киюге болады. Қысқа зәйтүн түсті белдемшемен қара етік те сәнді көрінеді.
Мерло
Қызыл түстің ерекше реңкі. Оның осы жылы сән апталығының барлық подиумдарында болуы таңқалдырмасы анық. Шарап түстері, әсіресе мерлот реңкі арулардың талғампаздығын көрсетеді. Ал барқыт, секвин заманауи қыздардың сүйікті түсі деуге болады. Мерлот қыс мезгіліне және алдағы мерекелерге өте ыңғайлы әрі сәнді түс, сондықтан осы түсте шалбар, көйлектер, жемпірлер алып қойсаңыз болады.
Барвинок
Сән индустриясында сирень гүлінің түсі келер жылы трендте болмақ. Осы түстегі көлемді тоқылған шляпалар немесе тоқылған белдемшелер сәнде болады.
Шоколад
Қою реңктерді таңдауға келгенде, көпшілігіміз көк, қара немесе сұр түстерді ұнатамыз, бірақ неге қоңырға назар аудармасқа? Минимализм мен табиғи сұлулықтың реңкі ретінде шоколад түсі 2022 жылы сәнде болады. Қоңыр түстің подиумдарда да, көше стилінде де жиі пайда бола бастағаны қисынды. Басқа қою реңктерден айырмашылығы, коңырдың әртүрлі реңктерін бір-бірімен үйлестіру өте оңай. Стилистер 2022 жылы шоколадты былғары шалбар, атласты жейделер және көлемді сөмкелер сәнде болатынын айтуда.