Көшедегі Аяз Атаны қуып жете алмай, зар илеген баланың кім екені белгілі болды

Сурет: видеодан алынды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде видеосы тараған шығысқазақстандық оқушыны құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көшеде ат шанамен кетіп бара жатқан Аяз Атаны көріп қалған оқушы балақай жан ұшыра оны соңынан қуа жөнеледі, бірақ арақашықтық жақындағанның орнына қашықтай береді. Сол кезде бала: "Аяз Ата, тоқта!" деп бар дауысымен айқайлап, үкілі үмітпен жүгіруін де тоқтатпайды. Бірнеше рет қайталап айқаласа да Аяз Атаның оның елер түрі болмады. Баланың бұл дәрменсіз күйі желідегілердің басым бөлігінің көңілін қозғап жіберді. Бір күнде миллион рет қаралып, көп пікір жазылған әсерлі видеодағы кейіпкер Алтай қаласының үшінші сынып оқушысы Дмитрий Головин болып шықты.

Асхат Аймағамбетов биылғы оқу жылында жақсы оқығаны үшін балаға хат пен жаңажылдық сыйлықтар жолдады.

Министр оқушыға әрдайым осылай алғанынан қайтпайтын батыл болуын тілеп, ата-анасы мен ұстаздарын қуанта беруіне, сондай-ақ алға қойған мақсаттарына қол жеткізуіне тілектестік білдірді. Асхат Аймағамбетов мектеп оқушысына кітап сыйлап, демалыс кезінде мүмкіндігінше көп оқуға кеңес берді. Сондай-ақ бала министрдің атынан басқа да сыйлықтар алды. Білім басқармасы
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр