Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының бас директоры ұсталды

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының бас директоры мен сұйытылған газ сататын электронды сауда алаңының басшысы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы Qazaqstan телеарнасының жаңалықтарында айтылды.

Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының бас директоры бағаны негізсіз көтерген.

Қаржы мониторингі агенттігі бағаны негізсіз көтеру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

«Қазақ газ өңдеу зауыты» бүкіл Маңғыстау облысын және елдің басым бөлігін сұйытылған газбен қамтамасыз етеді.

Президент өткен маусым айында көгілдір отынды тұтыну кейінгі үш жылда 2 есе өскенін, ал аталған зауыттың қондырғылары 90 пайыз ескіргенін атап өткен еді.

Еске салсақ, 5 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізді. Онда кінәлілер аталып, жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар сөз болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды