30 градусқа дейін аяз болады. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
Синоптиктер 11-13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша, солтүстік-батыс антициклоны елімізге аяз алып келеді.

Ойысып бара жатқан антициклонның лебі еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында әлі де сезіледі, -20 градусқа дейін аяз сақталады, кей жерлерде сынап бағаны -25°C, -30°C дейін төмендейді. 12 қаңтарда солтүстік және оңтүстік циклондар өзімен бірге қар мен боранды алып келіп, ауа температурасын уақытша арттырады, алайда 13 қаңтарда солтүстік-батыс антициклоны төбе көрсетіп, ол қайтадан аяз тудырады, сәйкесінше солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында -30 ° C дейін аяз болады деп болжанады."Қазгидромет" РМК

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында оңтүстік циклонның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) орын алады, тұман, көктайғақ болады, желдің күшейіп, сондай-ақ ауа температурасы +2 ...+10°C дейін біртіндеп көтеріледі деп күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті