БЖЗҚ төтенше жағдай кезінде қалай жұмыс істеп жатыр

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өңірлерде қалыптасқан жағдайға байланысты өз жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

БЖЗҚ мәліметі бойынша, 2022 жылдың 5 қаңтарында Қордың барлық бөлімшелері штаттық тәртіпте жұмыс істеп, сағат 16.00-ге дейін халыққа қызмет көрсетті. 

6 қаңтарда Мемлекет басшысының төтенше жағдай тәртібін жариялауына байланысты Қор кеңселері өз жұмысын тоқтатты. 

2022 жылдың 10 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-ның барлық бөлімшелерінің қызметі қайта жанданды. Қор кеңселері халыққа қызмет көрсетуді сағат 9.00-ден бастап 16.00-ге дейін жалғастырады. 

Бұған Алматы және Қызылорда қалаларындағы бөлімшелер кірмейді. Сондай-ақ, Жамбыл облыстық филиалының Мерке, Шу және Қордай елді мекендеріндегі бөлімшелер қашықтан жұмыс істейді. 

1418 нөмірі бойынша байланыс орталығы өңірлік бөлімшелер арқылы 16.00-ге дейін жұмыс істейді.

Зейнетақы жинақтарының сақталуын, қауіпсіздігін және үздіксіз есепке алынуын қамтамасыз ету үшін БЖЗҚ-ның барлық ішкі ресурстары мен инфрақұрылымы штаттық тәртіпте жұмыс істейді. БЖЗҚ баспасөз қызметі
Қазақстан
БЖЗҚ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы