«Қазақстан халқына» қоры Алматыдағы оқиғалардан зардап шеккендерге қолдау көрсетеді

«Аллюр» компаниялар тобының баспасөз қызметі
«Аллюр» компаниялар тобы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына өз үлесін қосатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

«Аллюр» компаниялар тобының мыңдаған машина жасаушылар ұжымы қаңтар айында болған қайғылы оқиғаларды үлкен алаңдаушылықпен бақылап отырды.

«Алматы трагедиясы» барлық қазақстандықтар үшін нағыз сынақ болды. Бейбіт шерулерді экстремистер мен лаңкестер өздерінің деструктивті мақсаттары үшін пайдаланып кетті. Біз бұрын-соңды болмаған қатыгез шабуылдың куәсі болдық. Ондағы мақсат - халықты қорқыту, тәртіпсіздік пен террор орнату.

Компания өкілдері еліміздегі конституциялық құрылыс пен заңдылықты қорғаудағы қасиетті борышын соңына дейін адал атқарған құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскерилер, азаматтарымыз ерлікпен қаза тапқанын атап өтті.

Біз қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз, зардап шеккендердің жағдайлары тезірек қалыпқа келулерін тілейміз.

«Аллюр» компаниялар тобының ұжымы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры отандастарымызға көмек көрсетудің пәрменді құралына айналатынына сенімін білдірді. Сонда-ақ қордың пайда болуы мен жұмысы Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігінің тағы бір дәлелі болатынын атап өтті.

Ұлттық өндірушінің әлеуметтік жауапкершілігін сезіне отырып, «Аллюр» компаниялар тобы» халық бірлігіне қосылады және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына өз үлесін қосуда. Өз тарапымыздан қызметімізді одан әрі жалғастырып, техникалық мамандықтардың жаңа ұрпағын жұмыспен қамту үшін технологиялық дамудағы біліктілігімізді арттырамыз. Біздің күшіміз – бірлікте.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды