14 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының күндіз солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында 14 қаңтар жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
14 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде бұрқасын күтіледі.
14 қаңтарда Маңғыстау облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында 17-22 м/с, күндіз облыстың орталығында, батысында екпіні 15-20 м/с. Ақтау қаласында 14 қаңтарда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
14 қаңтарда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың батысында, және орталығында екпіні 15-20 м/с. Атырау қаласында түнде және таңертең 14 қаңтарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
14 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман сақталады. 14 қаңтарда түнде Түркістан қаласында тұман күтіледі.
14 қаңтарда түнде Шымкент қаласында тұман күтіледі.
14 қаңтарда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ сақталады. Қызылорда қаласында 14 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ сақталады.
14 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың батысында тұман күтіледі. Қарағанды қаласында 14 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі.
14 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
14 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні 15-20 м/с. 15 қаңтарда күндіз облыстың басым бөлігінде қар күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында, күндіз басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қаласында күндіз 15 қаңтарда бұрқасын күтіледі, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с.
Азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.
Қыста жолға шығар алдында ауа райы болжамын мұқият зерделеңіз. Қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз. «Қазавтожол» ҰК сайтында толығымен жабық учаскелердің картасын көруге болады. Не болмаса бірыңғай телефон нөмірі –140 немесе құтқару қызметінің «112» телефон нөмірі, сондай-ақ «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады.
«112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған жағдайда, елді мекендерден және жолға шығудан бас тарта тұру қажет.