«Қазақстан Халқына» қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшелері сайланды

Сурет: «Қазақстан Халқына» қоры ҚҚ
"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесі сайланды, оның құрамына белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері, меценаттар және басқа да беделді азаматтар кірді, деп хабарлайды Zakon.kz

"Қазақстан халқына" ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып Юрий Пя сайланды.

Қамқоршылық кеңестің құрамы:

Юрий Пя - "University Medical Center" КҚ төрағасы, Қамқоршылық кеңестің төрағасы;

Аружан Саин - ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, "Милосердие" ерікті қоғам қайырымдылық қорының директоры;

Бақыт Байғалиева - Орфандық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету қауымдастығының төрайымы, құрылтайшысы;

Саида Таукелева - "Қоғамдық бақылау және мониторинг" РҚБ басшысы, құрылтайшысы;

Эльмира Әлиева - "Help Today"ҚҚ төрайымы;

Ләззат Шыңғысбаева - "Менің Атамекенім" ҚБ атқарушы директоры;

Владислав Трифонов - "Шекарасыз өмір" ҚБ;

Ирина Смирнова - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері;

Роза Сүлейменова - "САТР орталығы" ЖШС Бас директоры;

Алмаз Ержан - қоғам қайраткері, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғаушы;

Ораз Жандосов - "Ракурс" экономикалық талдау орталығының директоры, экономист;

Олжас Құдайбергенов - "Center for strategic initiatives" консалтингтік компаниясының аға серіктесі;

Арманжан Байтасов - Тan Media Group қожайыны, меценат;

Қайырбек Сүлейменов - "Атамекен" ҰКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы.

Қамқоршылық кеңес тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы басқарушы орган болып табылады. Кеңес Қор қызметінің негізгі бағыттарын және оның міндеттерін айқындауға жауап береді, бюджетті бекітеді, басқа да бақылау және ұйымдастыру функцияларын жүзеге асырады.

"Қазақстан халқына" Қоғамдық қоры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды