РОП-ты мемлекетке өткізу, көлік жеңілдіктері. Онлайн-петиция іске қосылды

Сурет: pixabay
Қазақстанның қарапайым автомобильшілері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жаңа көлікке деген қолжетімділікті арттыруды және кәдеге жарату алымының мөлшерлемесін қайта қарауды талап ететін үндеу жариялап, онлайн-петицияны іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz

Мемлекет басшысы атына жолданған үндеу otinish.kz сайтында жарияланды.

Петиция авторлары қолжетімді көліктердің болмауы салдарынан қазақстандықтардың көбісі оны Ресейден, Армениядан және Қырғызстаннан жартылай заңды жолмен сатып алып жатыр, не болмаса қираудың сәл-ақ алдында тұрған, ауаны ластайтын көліктерге мінуге мәжбүр.

Сондай-ақ үндеу мәтінінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарына қарағанда қазақстандықтар кәдеге жарату алымдарын артық төлегені де баса айтылады.

Жаңа көліктерді алғысы келетін қарапайым халыққа, ең болмағанда жақында отау құрған жас және көпбалалы отбасыларға неге жеңілдік жасамасқа? Ескі көлікті өткізгені үшін қомақты төлемдер жасау мүмкіндігі жоқ па? Петиция авторлары

11 қаңтарда Президент кәдеге жарату алымының мөлшерлемесін қайта қарауды тапсырды. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл функциямен жеке компания емес, мемлекет айналысуы керек.

Үндеудің толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады