"Халық ішінде террористер жоқ" – Қуат Хамитов

Сурет: instagram/kuat__khamitov
Қазақстандық аралас жекпе-жектің балуаны Қуат Хамитов Instagram парақшасы арқылы мемлекет басшысына мәлімдеме жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Қуат бұл жолы мәлімдемені орыс тілінде білдірді.

Менің ойымша, халық арасында террористер жоқ. Осы күндері "қаңтар оқиғасын" зерттеу үшін құқық қорғау органдарына еркіндік берді және олар қазір нағыз заңсыздықпен айналысып жатыр. Митингтерге қатыспаған адамдарды алып кетіп, оларды ұрып-соғып, жасамаған қылмысын мойнына алуға мәжбүрлеуде. Полиция бөлімшесіндегілер қаласын-қаламасын ұстағандардың мойнына барлық қылмысты іліп жатыр. Қуат Хамитов

Осы орайда спортшы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан мұны тоқтатуды сұрады.

Сонымен қатар спортшы мынадай ойын алға тартты.

Адамдар үш күн бойы қаланы тонап, террорист атанды. Ал бізді 30 жыл бойы тонап, өлтіргендерді қалай атаймыз? Қуат Хамитов

Сонымен қатар Хамитов оқиғаларға қатысы бар деген күдікпен ұсталып, кейін мансабының аяқталғанын жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды