Әйелдерге арналған тағы 6 вагон іске қосылды

Сурет: pixabay
"Қазақстан теміржолы" 1 ақпаннан бастап әйелдерге арналған вагоны бар пойыз санын көбейтті, деп хабарлайды Zakon.kz

Пилоттық режимде тағы алты пойыздан әйелдер вагоны ашылды:  

1) № 45/46 "Павлодар – Шымкент";

2) № 85/86 "Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент";

3) № 37/38 "Маңғыстау – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Семей";

4) № 47/48 "Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Атырау";

5) № 379/380 "Алматы-2 – Орал";

6) № 73/74 "Алматы-2 – Жезқазған" жолаушылар пойызында әйелдер вагоны жұмыс істейді.

Бұл туралы "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Сайттарда және билет кассаларында әйелдер вагондарына теміржол билетін рәсімдеген кезде жолаушылар мұқият болып, шартты белгілерге назар аударуы тиіс. Әйелдер вагондарына ертіп жүретін адам болған кезде 7 жасқа дейінгі ер жынысты балаларды рәсімдеуге де болады."Қазақстан теміржолы "ҰК"АҚ баспасөз қызметі

Жол жүру кезінде сұрақтар туындаса, жолаушылар өз вагонының жолсерігіне немесе пойыз бастығына жүгіне алады. 

Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында клиентке бағдарлану және сервис деңгейін арттыру үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ №77/78 "Алматы – Маңғыстау" және №351/352 "Алматы-1 – Өскемен"жолаушылар пойыздарында әйелдер вагондарында жол жүру қызметін іске қосқан еді.

Жоба іске қосылған сәттен бастап (2021 жылғы 10 қазан мен 31 желтоқсан аралығында) бұл қызметті 13 243 әйел жолаушы пайдаланған. 

 

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін