Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне қызметке тағайындалған сәттен бастап Айнұра Серғазиева бірден назарға ілінді. Instagram әлеуметтік желісіне жүктеген суреттері көпшіліктің ол туралы әңгімесіне "тұздық" болды. Алыпқашпа әңгімелер мемлекеттік қызметкердің шымбайына батса керек, жұрттың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруді жөн көріпті.
Менің (жаңа қызметке - ред.) тағайындалғаным туралы кешегі жаңалық жұртшылықты толғандырды. Өсек-аяң мен сын көп. Бұрын-соңды ел алдында жүрген адам болмағандықтан, барлығын тәптіштеп айтып берейін.
"Бұл қызметке қалай келдім?"
Серғазиеваның айтуынша, өзін негізгі үміткер ретінде қарастырып жатқанын қызметке тағайындалғанға дейін үш күн бұрын білген екен.
ҰАТ-та президенттік резервшілер ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіндегілер орынбасар іздестіріліп жатқанын, әңгімелесуге шақырылғандарын айтты. Бірақ өздері бас тартып, менімен қосқанда бірнеше адамды ұсынды. Агенттікке әңгімелесуге барғанда, проблемаларды шешу жолдарын әзірлей бардым. Кейін ұсыныстарымды ҚР президентінің әкімшілігіне барғанда айттым. Мені негізі үміткер ретінде қарастырып жатқандарын тағайындауға үш күн қалғанда білдім.
Тақырып бойынша оқи отырыңыз:
Ықпалды туыстары туралы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының жаңа орынбасары ықпалды туыстары туралы пікірді жоққа шығарды.
Бай әрі ықпалды туыстарым туралы өсек – алыпқашпа әңгіме ғана. Пәтерім ипотекада, ата-анам – Оралда зейнеткерлер. Сөмкелерім аутлеттен, Тиффани әшекейлері – күмістен жасалған әшекейлер. Шенеунік болған емеспін, күйеуім мен балаларым жоқ. Бақытыма орай, еңбекақымды өзіме жұмсаймын.
"Мемлекеттік қызметке не үшін келдім?"
Мемлекеттік қызметке келу себебін Серғазиева еліміздің дамуына өз үлесін қосқысы келетіндігімен түсіндірді.
"Мақсатым – мемлекеттік қызметте меритократияға қол жеткізу" – дейді Серғазиева.