Ел ішінде балалар тегін ұшатын болды

Сурет: pixabay
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан аумағында турист ретінде ұшатын кәмелетке толмаған жолаушылар билетінің құнын субсидиялау бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Осылайша Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы бұйрығы күшіне енді.

Ереже бойынша, 1 қаңтардан бастап ел аумағында турист ретінде саяхаттайтын кәмелетке толмаған әуе жолаушыларының билет ақысын мемлекет төлейді. Осылайша Қазақстан азаматтығы бар балалар немесе елде тұрақты тұруға құқығы бар азаматтығы жоқ адамдар тегін ұшады. Тегін ұшатын балалардың шекті жасы 2 жастан 18 жасқа дейін.

Құжат бойынша мұндай субсидия ішкі туризм саласында қызмет ететін туроператордан сатып алынған кәмелетке толмаған жолаушы билетіне төленеді.

Субсидия алу үшін туроператор Kazakh Tourism Ұлттық компаниясына қажет құжаттарды өткізіп, өтініш жіберуі керек.

Туроператорлар жыл сайын 20 желтоқсаннан кешіктірмей уәкілетті органға бөлінген субсидия қаражатының пайдаланылуы туралы ақпаратты ұсынады. Құжаттың толық мәтінін мына жерден көруге болады.

Қазақстан
Ақтау
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды