"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аймақтары мен тау бөктерінде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда жел екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен күшейеді, кей жерлерде күндіз 23 м/с-ға жетеді.
Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, кей жерде 25 м/с-ға жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің солтүстігі, облыс орталығында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қызылордада тұман түсуі ықтимал. Күндіз оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойысқан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында және орталығында бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің оңтүстік-батысында және облыс орталығында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Сонымен қатар, Алматы облысында тұман түсуі мүмкін. 6 ақпанда көктайғақтың болуы болжанады.
Талдықорғанда түнде және таңертең метеорологтар тұман түседі деп болжайды.
Маңғыстау облысының батысы мен орталығында көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел ұйтқиды, күндіз облыстың батысында екпіні 17-22 м/с жетеді.
Ақтауда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с жетеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, сондай-ақ Атырау қаласында тұман түседі деп күтіледі.