Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің ережесі өзгерді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығымен әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру қағидасына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша жеке басын куәландыратын құжатпен келіп, қорға өтініш жазады:

1) Еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін өтініш:

Өтініш «бір өтініш» қағидаты бойынша беріледі.

Мынадай жағдайларда өтініш қабылданады:

2) мемлекеттік корпорация арқылы асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін:

Бұл ретте асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің үлесіне құқығы бар адам тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалына жүгінеді;

3) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін:

мемлекеттік корпорация (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған жағдайда);

жұмыспен қамту орталығы – адамды жұмыссыз ретінде тіркеген және жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындауға «бір өтініш» қағидаты бойынша жүгінген кезде;

жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған жағдайда портал арқылы;

«Электрондық еңбек биржасы» порталында жұмыссыз ретінде тіркелген кезде осы портал арқылы;

4) жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы мемлекеттік корпорация арқылы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін;

5) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін:

Мемлекеттік корпорация және портал арқылы өтініш беруге болады.

Айта кетейік, бір жасқа толғанға дейінгі баланың күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау туралы өтініш «Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» қызметі арқылы алу кезінде «бір өтініш» қағидаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау туралы өтініш баланың туылуы тіркелгеннен кейін қаралады.

Бұйрық 2022 жылғы 15 ақпанда күшіне енеді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: