Мас жолаушы Алматы әуежайының қызметкеріне шабуыл жасады

Сурет: Zakon.kz
Алматы халықаралық әуежайының қызметкеріне мас жолаушы шабуыл жасады. Көліктегі полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Алматы әуежайының қызметкеріне тіл тигізіп, жанжал шығарған құқық бұзушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 1-бөлімі бойынша әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалын бастады.Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметі

Сонымен қатар ер адамға Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 440-441-бабы бойынша айыппұл салынды. Дәлірек айтқанда «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу» және «ҚР заңнамасында белгіленген жерлерде темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу» бойынша айыппұл салынып отыр.

Медициналық сараптаманың қорытындысына сай, 40 жастағы жолаушы жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде болған.

Сонымен қатар мас ер адам авиациялық қауіпсіздік жөніндегі аға инспекторға дөрекі әрекет етіп, оны қорқытқан.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды