Петропавлда сотталған әйелдер жетім балаларды қамқорлыққа алды

Сотталған әйелдердің бастамасы бойынша СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің аумағында ерекше қайырымдылық қоры құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің айтуынша, қайырымды іске себепкер болған есірткі тасымалдағаны үшін сотталған Дарина есімді келіншек екен.

Менің өз балаларым жоқ, бірақ, кез келген әйел сияқты, мен де бала сүюді армандаймын. Жетімдерге көмектесу идеясы кездейсоқ пайда болған жоқ. Мен балаларға жан жылуын сыйлап, қамқорлық жасағым келеді. Осындай себеппен мен ана мейірімі мен назарынан айырылған балаларға өз қолыммен сыйлықтар жасауды ұсындым. Дәл осылай Петропавл қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жетім балаларға тегін киім тігу идеясы пайда болды. Дарина

Даринаның бостандықта геодезист болып жұмыс істегені тігіншілікке де жарай кетті. Киімі тігіп, пішу кезінде сол кезде жинаған тәжірибесін пайдаланып жүр. Сотты болған тағы бірнеше әйел оған көмектесуге ниет білдіріпті.

Сурет: СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Жақында ЕС-164/6 мекемесінің қызметкерлері жаңа тігілген киім-кешекті Петропавл балалар үйіне апарып беріпті, онда жетім қалған және ата-анасы тастап кеткен 3 жасқа дейінгі балалар бар.

Даринаның идеясы маған ұнады. Бір әрдайым қолдан келетін көмекті көрсетуіміз керек. Біз киім тігуге қажетті бөлме мен жабдық бөлдік. Нәтижесінде шағын тігін шеберханасы пайда болды. Мата сияқты киімге қажетті азын-аулақ заттарды сатып алуға мешіт көмек берді. СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Оксана Вышар

Балалар да «аналарына» қалайтын киіміне тапсырыс бере бастапты.

Аз қамтылған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға деген қайырымдылық көмек әйелдердің ең жақсы адами қасиеттерін оятқанына сенімдімін. Ерікті қамқоршылар мен жетімдер бір-бірін көрмесе де, осы кезден бастап олардың арасында көзге көрінбейтін байланыс бар.СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің бастығы Қанат Сүлейменов
Петропавл Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: