ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер жаңа қаулыға қол қойды

Сурет: Zakon.kz
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Ashyq жобасын енгізу туралы 2022 жылғы 13 қаңтардағы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Құжатқа сәйкес, Ashyq жобасын енгізу және жобаға жаңадан қосылушыларды қосу алгоритміне өзгерістер енгізілді.

Қоса бекітілсін: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі; 4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары.

Енді Ashyq жобасының қатысушы нысанға келушіден "қызыл" мәртебе анықталған жағдайда оқшауланады. "Сары" мәртебеге қатысты шектеу шарасы қолданылмайды.

Сондай-ақ, өзгеріс рұқсатнама құжаттарына қатысты пункттерді де қамтиды. Одан "жасыл" қауіпсіз мәртебе мүлде алынып тасталды.

Қаулының толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.

Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан
ВАК
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді