Бейтарап «көк» мәртебедегі адамдарға қатысты шектеулердің күші жойылды

Сурет: Zakon.kz
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Ashyq жобасына қатысушылар үшін қолданыстағы шектеулерді жұмсартуды көздейтін қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

70%-ке дейін толу көлемі деңгейінде СОО, көрмелер, караоке, түнгі клубтар, спорт кешендері, бассейндер және тағы басқа нысандарға келуші бейтарап "көк" мәртебесі барларға шектеу қойылмайды.

"Сары" аймақтарда қызметтің барлық түрлері үшін шектеулер алынады және білім беру ұйымдарына еріп кірушілерде "жасыл" мәртебесі болуы тиіс делінген немесе "көк" мәртебесі барларға қатысты шектеулер алынып тасталды.

Дегенмен кинотеатрларға тамақ пен сусындар алып кіруге тыйым салынады.

Сонымен қатар, ауру белгілері болмаған кезде байланыстағыларды үй карантиніне оқшаулау шарасы да күшін жояды.

Сондай-ақ, Pfizer-мен вакциналау тізіміне бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар және алғашқы курсты аяқтау үшін вакцинаның бірінші дозасын шетелде алған адамдар кіреді. Вакцинаның бұл түрін бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар қайта ала алады (ревакцинация).

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Қазақстан
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды