Екі апта бұрын ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановқа «көк» мәртебесі бар келушілерге қатысты жұмыс істеп тұрған бизнес объектілері үшін қызметті шектеу жөніндегі карантиндік шаралардың шарттарын қайта қарауды сұрап хат жолдаған едім, деп жазды Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов Facebook-те.
Оның айтуынша, «Ashyq» жобасы бойынша жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес келушілердің 23%-ға жуығы «көк» мәртебеге ие. Тиісінше, СОО-ға келушілер саны 20%-ға қысқарды. Ал ҚР Бас санитарлық дәрігердің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №1 қаулысына сәйкес СОО-ға және басқа да объектілерге тек «жасыл» мәртебесі бар адамдар ғана кіре алды. Бұл мәселеге қатысты тұрғындар да наразылық танытуда, өйткені «көк» мәртебесі бар адамдар ауырмайды және басқаларға қауіпті емес. Сондықтан олардың қоғамдық орындарға баруын шектеу СОО жалға алушыларының кірістерінің едәуір көлемін (50% және одан көп) жоғалтуға және олардың қызметінің шығындылығына, салық төлеу және қызметкерлерге жалақы төлеу проблемаларына әкеледі.
Бүгінгі таңда іс жүзінде банкроттық сатысында тұрған бизнес мұндай шешімнің салдарларына төтеп бере алмайды және мұны ШОБ қатты сынға алуда, карантиндік шаралар әрі қарай да сақталатын болса ШОБ тарапынан мемлекетке деген сенімсіздік артады.
Қазіргі уақытта кейбір шет елдер міндетті талаптарды алып тастап, оларды ұсынымдық талаптарға ауыстыруда, COVID эндемиялық ауруға айналғандықтан вакцинациядан өту қажеттілігіне назар аударады. Жақында бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдауға назар аударуға және бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға шақырды. Мемлекет кәсіпкерлердің өтінішіне құлақ асқаны қуантады. Рустам Жүрсінов
Айта кетсек, соңғы қабылданған карантиндік шаралар туралы жаңа қаулыға сәйкес, енді 70%-ға дейін толу көлемі деңгейінде СОО, көрмелер, караоке, түнгі клубтар, спорт кешендері, бассейндер және тағы басқа нысандарға келуші бейтарап "көк" мәртебесі барларға шектеу қойылмайды. Нақтырақ айтсақ, бейтарап «көк» мәртебедегі адамдарға қатысты шектеулердің күші жойылды.