Қазақстанда адамдар көбіне қандай аурудан қайтыс болған

Сурет: pixabay
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанда қайтыс болғандар саны – 183,4 мың адам. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 12,8%-ға артық, деп хабарлайды Zakon.kz

2016 жылғы, яғни кейінгі бес жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда елімізде өлім-жітім бірден 38,5%-ға өскен.

Мысалы, 2020 жылдың сәйкес кезеңінде қайтыс болғандар саны 162,6 мың адам болған. Осылайша өлім саны 21,8%-ға артқан.

Өңірлер арасында ең көп өлім-жітім Шығыс Қазақстан облысында болды: 18,8 мың адам. Бұл бір жыл бұрынғыдан 13,1%-ға артық.

Одан кейін Алматы облысы (18,7 мың адам, плюс 15,3%) және Алматы (18,4 мың адам, плюс 25,6%) келеді.

Ең аз өлім саны Маңғыстау облысында тіркелді: 4,5 мың адам. Көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 6,4%-ға көп.

Ranking.kz мәліметінше, қайтыс болғандар санының ең көп өсімі Алматы қаласында, ең азы Түркістан облысында (жылына 4,3%-ға 13,6 мың адамға дейін) байқалады. 17 облыстың тек біреуінде – Қызылорда облысында ғана бір жылда қайтыс болғандар саны 4,2%-ға азайып, 5,8 мың адамға жеткен.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті