Шетелдіктердің Қазақстанда тұруына рұқсат беру ережелері өзгерді

Сурет: Алматы полиция департаменті
Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 8 ақпандағы бұйрығымен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енгізілген өзгерістер «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің тәртібін айқындай түседі. Атап айтқанда, аталған мемлекеттік қызметті алу үшін қажет құжаттар тізіміне өзгеріс енгізілді.

Ішкі істер органдары Қазақстанға келушілерге иммигрант төлқұжатының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге (бір жылдан аспайтын мерзімге) келушілердің келу және тұру ережелеріне сай уақытша тұруға рұқсат береді.

Сонымен қатар жаңа өзгеріске сай мына құжаттар болуы керек:

Адамға азаматтығы жоқ адам мәртебесін беру туралы қорытындының нысаны алынып тасталды.

Бұйрық 2022 жылдың 4 наурызынан бастап күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз