Мен Альфияны бір көргеннен ұнаттым. Махаббатымды кездестіру үшін түрмеге түсуім керек болған шығар деп ойлаймын. Алғашқы некем сәтсіз болды, бұл жолы олай болмайды деп сенемін.Сотталушы Николай
Николай 2018 жылы «ұрлық» және «қарақшылық» баптары бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылған. 2021 жылы СҚО Петропавл қалалық сотының қаулысымен ол орташа қауіпсіздік мекемесінен ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауысып, сол жақта жүріп Альфиямен танысыпты.
Альфия ҚР ҚК 259 бабы бойынша (есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) 3 жылға шартты түрде сотталған. Петропавл қаласы пробация қызметінің есебіне қойылғанымен, ережелерді бұзғаны үшін орташа қауіпсіздік мекемесіне 3 жылға қамалыпты. 2021 жылы Петропавл қаласы сотының қаулысымен ол орташа қауіпсіздік мекемесінен ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауыстырылыпты.
Николайдың босап шығуына 3 жыл мерзім қалды, мен осы жылдың маусым айында бостандыққа шығамын. Бәрі жақсы болады, мен оны күтемін. Ол нағыз азамат, ол мені қатты қолдайды, мені жақсы көреді. Алғашқы некеде мен мұндай қамқорлық пен махаббатты сезінбедім. Онда бәрі керісінше болды. Әйел бақыты деген осы екен ғой.Альфия
Қазір Николай «Еңбек-Қызылжар» РМК филиалында жұмыс істеп жүрсе, ал Альфия шаруашылық күтуші болып жұмыс істейді.
Түрмеде некеге тұру сирек жағдай емес. Көп жағдайларда бас бостандығынан айыру орындарында қиылған неке сотталғандарға оң әсер етеді. Неке сотталушыны мерзімінен бұрын босатуға ынталандырады.СҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Александр Кочкин