Қайрат Нұртас 33 жасын Мальдив аралында қарсы алды

Сурет: instagram/kair_n
25 ақпан – Қайрат Нұртастың туған күні. Бүгін әнші 33 жасқа толып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайрат Нұртас 33 жасын Мальдив аралында қарсы алды. Ол өзінің Instagram-дағы парақшасына тікелей эфирден видео жариялап, туған күн басталғанын хабарлады.

«Туған күн басталды. Әлхамдулиллә!» – деп жазды әнші

Видеода әншінің анасы, достары оны туған күнімен құттықтап жатыр. Барда ән айтатын қыз Қайратты туған күнімен ағылшынша әндетіп құттықтады. Видеода Қайрат «Қазақ елі, баршаға рақмет! Мен сіздерді жақсы көремін» деді.

«Алла сіздерге ұзақ ғұмыр берсін. Менікіндей сияқты достарыңыз көп болсын. Анашыма рақмет! Туған күнімде енді осында концерт беремін. Аюша, Сезім, Алау, Нарұл, Жұлдызға сәлем!» – деді әнші тікелей эфирде.

Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова да тұңғышын туған күнімен құттықтап, тілегін жаудырды.

«Тұла бойым тұңғышым, құлыным, туған күнің құтты болсын! Өмірің ұзақ та мәнді болып, Алла саған бақ берсін! Өзіңнің жүрегің мейірімге толы, халықтың махаббатына бөленген ерекше ұл болғандығыңнан болар, жылда туған күнің ерекшелігімен өтуін Алла жазған болар. Әкең екеуіміз екі дүниеде разымыз, жаным!» – деп жазды әншінің анасы Instagram-дағы парақшасына.

Әншінің парақшасына тыңдарманы, оқырманы түрлі пікір жазып жатыр:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды