«Димаштың да үлесі бар». Онлайн қазақ тілі курсына 23 елден 800 адам тіркелді

Сурет: Zakon.kz
Ақпан айынан басталған «Онлайн қазақ тілі» курсына әлемнің 23 елінен 800 адам тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тіркелгендердің ішінде этникалық қазақтардан бөлек, тілімізге қызығушылық танытқан өзге ұлт өкілдері де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Отандастар қорына» сілтеме жасап.

Этникалық қазақтар тарихи тілін ұмытпау және Қазақстанда білім алып, атамекенде жұмыс істеу үшін қазақ тілін жетік меңгеріп жатыр. Ал өзге ұлт өкілдерінің тіл үйренудегі мақсаты екі бағытқа негізделген. Алғашқылары Қазақстанда жұмыс істеуге керек десе, екіншілері - қазақ тіліне қызығушылық танытатын және тілдік құрылысын зерттейтін - ғалымдар.

Өзге ұлт өкілдерінің басым көпшілігі - Димаш Құдайбергеннің «Dears» жанкүйерлері. Олардың айтуынша, әншінің әндерін, сұхбаттарын ана тілінде еркін түсініп, сонымен қатар, қазақтың тарихымен, мәдениетімен тереңірек танысу үшін қазақ тілі сабақтарына зор ықыласпен қатысады.

Сабақ орыс, ағылшын, түрік, парсы тілдерінде жүргізіліп, тыңдаушыларға ыңғайлы уақытқа қойылғандықтан қатысушылар саны артып келеді.

Сабақ қазақ тілінің әмбебап оқулығы және «Abai institute» платформасы негізінде жүргізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді