Наурыз қарсаңында Қазақстанға мың тоннадан астам гүл жеткізілді

Сурет: Zakon.kz
Қыз-келіншектерді гүлге теңеп, оларға түрлі гүл сыйлап жатады. Әсіресе 8 наурыз – Әйелдердің халықаралық күнінде гүлге сұраныс көп. Сол гүлдердің біразы Қазақстанға шетелден келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға барлығы салмағы 1 085 тонна, құны 8,5 млн долларға тең гүл әкелінген.

Ең жоғарғы сұранысқа ие гүл – раушан. Қазақстанға оның 724 тоннасы әкелінген. Раушанның құны 6 млн долларға тең. Екінші орында – хризантема (салмағы 97 тонна, құны 883 мың доллар), үшінші орында – қалампыр (салмағы 28 тонна, құны 165 мың доллар).

Сонымен қатар лалагүл де жоғары сұранысқа ие. Оны 24 тонна салмағымен 178 мың долларға әкелген.

Басқа да жаңадан жұлынған гүлдердің түрінен (қызғалдақ, линолиум,  гипсофила, финикс, ирис, гортензия және басқа да экзотикалық гүлдер) 167 тонна гүл жеткізілген.

Биыл гүлдер Нидерланды (535 тонна), Бельгия (162 тонна), Германия (115 тонна), Эквадор (94 тонна), Литва (79 тонна), Колумбия (54 тонна), Өзбекстан (69 тонна), Кения (15 тонна), Словакия (5 тонна), Израиль (4 тонна) және Түркия (3 тонна) елдерінен әкелінді.

Айта кетейік, 2021 жылы Қазақстанға салмағы 5 752 тонна, құны 41,4 млн доллар болатын гүлдер жеткізілген еді.

Сонымен қатар 2021 жылы Қазақстан да гүлдерді экспортқа шығарған. Еліміз 17,8 тонна салмағындағы 71,4 мың долларға тең гүлдерді шетелге сатқан. Олардың ішінде раушан мен лалагүл көп.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді