Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болуы мүмкін

Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 10-13 наурыз аралығында облыстың таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қолайсыз ауа райына, желдің күшеюіне және температуралық фонның (күндізгі) жоғарылауына байланысты Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін.ШҚО ТЖД

Жол бойындағы ерекше қауіпті учаскелер:

Төтенше жағдайлар департаменті мынандай шараларды ұсынады:

Қар көшкіні кезінде қалай әрекет ету керек?

- тастың, ағаштың артына тығылуға тырысу, жерге жату, басыңды қолмен қорғау, киіммен ауызды жауып тыныс алу;

- қар көшкініне тап болсаңыз, жүзу қозғалыстарын жасаңыз. Осылайша қардан шығуға болады;

- қарға батқан кезде тізеңізді ішке қарай тартыңыз, көшкіннің тоқтауын күтіңіз, жоғарғы-төменгі жағын анықтаңыз және шығуға тырысыңыз. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.

Айта кетейік, 6 наурыз күні кешке қар көшкіні Катонқарағай ауданында жолды жауып қалды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қазгидромет" үш қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады