Роза Әлқожаға жанкүйері Алматыдан пәтер сыйлады

Сурет: instagram/roza_alqozha_fc
8 наурыз – Әйелдердің халықаралық күнінде әнші Роза Әлқожа Алматыда жеке ән кешін өткізді. Сол концертте оған бір жанкүйері пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, Роза Әлқожа наурыз айында бірнеше қалада концерт береді. 8 наурыз – Әйелдердің халықаралық күнінде әнші Алматыда жеке ән кешін өткізді.

Алматыдағы Республика сарайында өткен концертте бір жігіт залдан жүгіріп шығып, Роза Әлқожаға үйдің кілтін ұстатқан. Ол жігіттің анасы әншінің әндерін сүйіп тыңдайтын көрінеді. Соның құрметіне жанкүйері оған Алматыдан пәтер сыйлады. Бұл туралы телебағдарламалардың продюсері Әлия Құдайбергенова Instagram-дағы парақшасына жазды.

Залдан бір көрермен жігіт Розаға қарай жүгіріп шықты да, «Сізді анам жақсы көреді. Шын жүректен Алматыдағы пәтердің мына кілті сізге» деді. Розаны білмедік, біз аң-таң болдықӘлия Құдайбергенова

Айта кетейік, Роза Әлқожа 9 наурызда Нұр-Cұлтанда, 29 наурызда Шымкентте, 30 наурыз күні Түркістанда, ал 31 наурызда Қызылордада жеке ән кешін өткізеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты