Дархан Мыңбайдың сөзінше, жақында «Оңтүстік Қазақстан жылыжайлары қауымдастығы» Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері дабыл көтерген. Теориялық тұрғыдан Қазақстанның бүкіл аумағында маусымдық емес көкөністер өсіріледі. Бірақ депутат бізде өндірілетін өнім қымбат болатынына және көрші елдердікімен бәсекелесе алмайтынына наразы.
Бірақ Құдайдың өзі қарасқан елдің оңтүстігіндегі Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары жетінші жарық аймағы деп аталатын өңірге кіреді. Мұнда күн жарығының жағдайы тіпті өсімдік өспейтін маусымда да - желтоқсаннан ақпанға дейін өнім алуға мүмкіндік береді. Сондықтан елдің оңтүстігінде жылыжай көкөніс шаруашылығы ауыл шаруашылығының жетекші саласы болуы керек. Өкінішке қарай, ерте шығатын көкөністер қазір қымбат. Көп қазақстандық үшін бағасы қолжетімсіз. Әкімдер де базардағы бағаны дұрыстаймыз деп шапқылайтыны жасырын емес. Себебіне үңіліп, зерттеген жандар бар ма?Дархан Мыңбай
Қауымдастық ұсынған есеп-қисаптар бойынша өнеркәсіптік жылыжайдың 1 гектарын жылытып, жарықтандыруға жұмсалатын шығындар сағатына 45 кВт электр энергиясын тұтынуға дейін барады. Оған қоса,электр энергиясына, минералдық тыңайтқыштарға, еңбеккеақы төлеуге, күндізгі жарық ұзақтығының қысқаруына байланысты қосымша жарықтандыруға жұмсалатын шығындар бар. Осындай үлкен шығын болып тұрғанда көкөніс бағасы желтоқсаннан бастап наурыз-сәуір айларына дейін төмендемейді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін жетекші экспорттаушы елдерде арттыру үшін жасанды қосымша жарықтандыру қолданылады. Алайда Түркістан облысында коммуналдық қызметтердің қымбат болуына байланысты қосымша жарықтандыруды қолдану тиімсіз. Бұл проблема 3 жылдан астам уақыт бойы көтеріліп келеді. Отандық өнім көрші елдерде өндірілген өнімдермен бәсекелесе алмайды.Депутат
Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай баға тұрақтылығын ұстап тұру және жылыжай алаңдарын кеңейту, сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай шараларды қабылдауды ұсынды:
Коммуналдық қызметтерді (электр қуаты, табиғи газ, көмір) арзандатуға арналған шығындардың құнын 50% мөлшерінде субсидиялау;
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде преференциялардың барлық түрін ұсына отырып, жылыжайлар үшін арнайы экономикалық аймақ құру мәселесін қарастыру.
Осылайша субсидиялау түріндегі кешенді көмексіз қазіргі жылыжайлардың жұмыс істеуі, жылыжай кластерін одан әрі дамытуды қолға алуды сұраймыз. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігі де осыған тікелей байланысты екенін ұмытпайық. Тиісті заңға сәйкес жауап күтеміз.Дархан Мыңбай
Депутаттың мәліметінше, Түркістан облысында 1 кВт электр энергиясының құны - 33,17 теңге. Ал Өзбекстанда – 18 теңге, Түркіменстанда – 2-3 теңге;
Түркістан облысында мың куб газдың бағасы – 35 788 теңге. Өзбекстанда – фермерлер үшін 11 000 теңге, Түрікменстанда – бар болғаны 45 теңге. Су бізде 1 куб үшін 262 теңге, ал көрші елдерде тегін.
Ал көмірдің 1 тоннасы - 14 600 теңге. Қысқа қарай ол 20 мың теңгеден асып жығылады.
Газ бағасы бойынша да басқа облыстармен салыстырғанда Түркістан облысы 1-орында тұр.
Ал Қазақстандағы ең арзан газ Шығыс Қазақстан облысында (мың куб үшін 11218,76 теңге), Ақтөбе облысында (14536,37 теңге), Батыс Қазақстан облысында (17873,39 теңге).