Қар, жаңбыр, найзағай: 10 наурызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауады. Батыс пен оңтүстікте найзағай ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауады. Еліміздің батысында және оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман басып, жел күшейеді. Батыста көктайғақ, оңтүстікте найзағай болады.«Қазгидромет» РМК

Жамбыл облысының таулы аймақтарында, солтүстігінде тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында жел екпіні секундына 15-23 метр күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, жел екпіні секундына 17-22 метр болады.

Алматы облысының шығысында желдің күші секундына 15-20 метр, түнде екпіні секундына 23 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында тұман болады. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман, көктайғақ болады. Күндіз жел екпіні секундына 15-20 метр күшейеді.

Атырау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, облыстың шығысында жел екпіні секундына 15-20 метр күшейеді деп болжанды.

Маңғыстау облысының оңтүстігі мен солтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метр күшейеді. Түнде және таңертең батыста тұман болады.

Күндіз оңтүстік-батыста, Ақтөбе облысының орталығында жел екпіні секундына 15-20 метр күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігін, шығысын тұман басады.

Нұр-Сұлтанда жауын-шашынсыз көшпелі бұлт болады. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 5-10 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -13-15°С, күндіз -7-9°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жауын-шашын болады. Жел екпіні секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +10+12°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады. Түнде жаңбыр жауады, кей уақытта күшейеді, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан екпіні секундына 8-13 метр болатын жел соғады, күн күркірейді. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +17+19°С.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: