Air Astana Ресейдің кейбір қалаларына ұшатын рейстерін тоқтатты

Сурет: Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі
Ресей әуекомпаниялары да Алматыға ұшатын рейстерін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпаратты Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі таратты.

Air Astana компаниясы «өндірістік себептерге байланысты» Қазақстаннан Ресей Федерациясының қалаларына бірқатар рейстерді уақытша тоқтатуға мәжбүр болғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге/Мәскеуден рейстер қатынап жатыр. Air Astana өндірістік мәселелерді тезірек шешуге бар күш-жігерін салуда. Сәтті болса, Air Astana мен FlyArystan келесі аптаның басында Ресей қалаларына рейстерді қайта бастайды», – делінген хабарлама мәтінінде.

Сондай-ақ Ресей әуекомпаниялары Алматыға ұшатын рейстерін тоқтатты, Алматыға рейстерді «Аэрофлот», «Уральские авиалинии» және «Нордвинд» авиакомпаниялары орындап келген еді.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы