Ақтөбе әуежайында ұшу-қону жолағы уақытша пайдаланылмайтын болды

Сурет: Zakon.kz
2022 жылғы 17 наурыздан бастап ақаулар жөнге келтірілгенге дейін Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 9 наурызда әуежайда ұшу-қону жолағының жағдайына тексеру жүргізілген.

Тексеру кезінде ұшу-қону жолағынан ақаулар шықты, аэродром тақтайшаларының, жоңқалардың, мастиканың қабыршақтарының аршылғаны анықталды. Белгіленген талаптардың сақталмауын, сондай-ақ азаматтардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басымдықты ескере отырып, Қазақстанның Авиация әкімшілігі 2022 жылғы 17 наурыздан бастап Ақтөбе аэродромының ұшу-қону жолағын пайдалануды ақаулар жойылғанға дейін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Азаматтық авиация комитеті

Ал Ақтөбе облысының әкімдігі аэродром тақтайшаларын ауыстыру мен жөндеу жұмыстарын тез арада қаржыландыруға әзір.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Ақтөбе әуежайынан 5 бағытқа (Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау және Түркістан) аптасына 52 ішкі рейсті, сондай-ақ басқа елдердің төрт қаласына аптасына 9 рейс ( Стамбул, Тбилиси, Қазан, Нөкіс) орындайды.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз