Заңғар Нұртас қалыңдығына тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасау үшін дайындалған. Ол жақын достарын жинап, үлкен гүл алып, Нұр-Сұлтанда қар жауып тұрған кеште қызына сөз салды. «Жібек, менің шексіздігім болшы» деген жазуды Заңғар Нұртас ғимарат үстінен шығатындай етіп тапсырыс берген.
Қонақүй төбесінде «Жібек, менің шексіздігім болшы» деген жазу болды. Бәрі университеттің бірінші курсында келіскеніміздей ұйымдастырылған. Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін біз ұзақ жол жүрдік. Енді міне, 9 жылдан кейін мен сенімді түрде саған «иә» деп айта аламын.Заңғардың қалыңдығы Жібек Қайратқызы
Сонымен қатар қалыңдық Жібек Қайратқызы кейінгі жылдары Заңғармен бір айырылысып, бір қосылып, көп адамның есін шығарғанын да жасырмады.
Бастысы өз жүрегіңізді тыңдаңыз. Қалғаны аса маңызды емес. Барлығына бақыт тілеймін, – деп жазды Жібек Қайратқызы
Ал Заңғар Нұртас қалыңдығына құда түсуге келген видеосын жариялады.
Біз келдік. Үлкен жауапкершілік талап ететін маңызды өмірге қадам бастық. Қолдауларыңызға рақмет, – деп жазды Заңғар Нұртас.