Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері қанша

Сурет: Zakon.kz
2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 538 теңге болды. Елімізде зейнеткерлер саны 2 млн 246 мыңнан асты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, жыл басынан бері қазақстандықтарға 470,1 млрд теңгеден астам сома зейнетақы төленген.

2022 жылғы ақпанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,8 млрд теңге бөлінді.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны 2 млн 246 мыңнан астам адам болды.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз