17-19 наурыз күндері Қазақстанда аяз болады

Сурет: pixabay
«Қазгидромет» синоптиктері 17-19 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Республикада аязды ауа райы, жауын-шашын, көктайғақ, тұман болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Соған байланысты аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде термометрлер 20...28 градус аязды көрсетеді.«Қазгидромет» РМК

Болжам бойынша, елдің оңтүстік жартысына Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.

Жаңбыр жауады. Кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, көктайғақ және ауа температурасының күндіз 0...10 градусқа дейін, түнде 0...10 градус аязға дейін төмендеуі болады.«Қазгидромет» РМК

Сонымен қатар синоптиктер республикада тұман болатынын ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды